Мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік - Құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 5-9 сынып оқушыларынан тұратын "Адал Ұрпақ" клубын ашу туралы бұйрық шығарылды. "Адал Ұрпақ"клубының жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
Мақсаты мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік Құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына білім алушылардың адамгершілік және құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері енгізілді.