«Оқырман мектеп – оқырман ұлт» айлығы аясында мектеп кітапханасында көрмелер, викториналар, пәндік онкүндіктер мен әдеби сағаттар өткізілді
«Оқырман мектеп – оқырман ұлт» айлығы аясында мектеп кітапханасында көрмелер, викториналар, пәндік онкүндіктер мен әдеби сағаттар өткізілді. Шараға бастауыш сыныптардың қазақ тобының оқушылары қатысты. Кітапханашы Ж.Қ.Бижанова, бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова А.Қ., қазақ тілінде оқытатын топта айлық аясында ойын түрінде танымдық, тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырды. Балалар іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Шараның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқушылардың оқырмандық ой-өрісін кеңейту, балаларды әдеби шығармаларды жүйелі оқумен таныстыру. Мемлекеттік тілді меңгеру мағынасын қалыптастыру.