Күзгі демалыс кезінде 7-8 сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында, "Өзіңді жаңа нәрсеге шақыру және көптен бері кейінге қалдырған нәрсені істеу" тақырыбындағы іс-шараға қатысты. Оқушылар үйлерінде қызықты әңгімелер оқып, сурет салып, сюжеттер ойлап, эссе жазды.
9-сынып оқушылары кітаптарға түрлі-түсті бетбелгілерді сыйлыққа жасады. Оларды бірінші сынып оқушыларына берді. Ғажайып кітап әлемімен жаңадан танысқан балалар өте қуанышты болды.