03.03.2023 жылы тарих пәнінің мұғалімдері Ашиков Д.Д. және Амонжол Н. Саумалкөл ауылындағы «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына 7-9 сынып оқушылары үшін саяхат ұйымдастырды. Бұл экскурсияның мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру.
Тарих пәнінен онкүндік аясында "Сурет байқауы" және "Тарих пәнінен ең үздік дәптер" сайысы өткізілді. Сайыс 1-4 және 5-9 сынып оқушылары арасында өтті. Балалар белсене қатысты. Ұсынылған жұмыстар бояумен, қарындашпен салынған. Суреттер жарқын және түрлі-түсті болды. Айта кету керек, суреттердің көпшілігі байқау тақырыбына сәйкес келеді және өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.
Апталықтың төртінші күні 02.03.2023 тарих пәнінің мұғалімі Думан Дулатұлы 8 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Қаныш Сатпаев - жан- жақты ғалым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2023 жылдың 27 ақпанында тарих пәнінің мұғалімі Аманжол Нұржан 5 Б сыныпта Қазақстан тарихынан «Қаңлылардың қалалық мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.