Өткен жылды қорытындылай келе, оның бәрімізге күрделі міндеттер қойғанын, соған қарамастан біз оны жеңе білдік. Биылғы жылы біз ұстаздар мен оқушылардың жұмысын жеңілдететін жұмыстарды атқара алдық. Мектептің оқу-материалдық базасы 2 742 490 теңгеге заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды: бастауыш сыныптар жаңа жиһаздармен жабдықталды, орыс тілі мен әдебиеті кабинетіне жаңа проектор мен экран орнатылды. Асхана толығымен өзгертілді: ол заманауи және жайлы болды. Мектебіміздің ұжымы атынан аталмыш заттарды сатып алуға қаржыландыру бөлгені үшін Айыртау ауданының білім бөлімінің басшысы Баймагамбетова Балжан Шәріпқызы мен бас есепші Капарова Асел Мұхтарқызына алғыс білдіреміз.