Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді "Амал мерекесі" деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.
Мектебімізде "Көрісу күні" ұйымдастырылды, баларға шашу шашылды.